«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Ковыльный ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
 Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Ковыльное отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2023 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы есеп

2023 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы есеп

          1.Жалпы ережелер

1) көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің Ковылное ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ.

Заңды мекенжайы: Ковыльное ауылы, Маяковский көшесі, 6.

«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің Ковылное ауылының жалпы білім беретін мектебі»  КММ жанындағы «Арман» шағын орталығы.

Заңды мекенжайы: Ковыльное ауылы, Маяковский көшесі, 6.

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

          «Ковыльное  ауылының жалпы білім беретін мектебі»  КММ-де білім беру саласында 6 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

          2023 жылы  «Ковыльное  ауылының жалпы білім беретін мектебі»  КММ 47 қызмет көрсетілді;

          «Азаматтарға арналған үкімет»  мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген - 9 қызмет;

          көрсетілген мемлекеттік қызметтердің электрондық нұсқасында - 6 қызмет;

          көрсетілген мемлекеттік қызметтер қағаз нұсқада көрсетілген - 32 қызмет.

          Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.

3) неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: білім беру саласындағы неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер:

          «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;

           «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну»;

          «Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі

 (6 жасқа дейінгі) балаларды кезекке қою»;

          «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау».

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Көрсетілетін   қызметті  алушылар  үшін барлық  қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған      http://sc0014-esil-aqmo.edu.kz/content/gosudarstvennye-uslugi-754    « Ковыльный  ауылының жалпы білім беретін мектебі»  КММ   «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде.  Сондай-ақ,  «Ковыльный ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де ақпараттық стендте Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жариялау,  талқылау туралы ақпарат.

Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жариялау, талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жүзеге асырылады. «Ковыльное ауылының жалпы білім беретін мектебі»  КММ нормативтік құқықтық актілері әзірленбеген.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).

2023 жылы «Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімінің Ковыльное ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ әлеуметтік желілерінде тұрақты негізде мақалалар жарияланады, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Ай сайын көрсетілетін қызметті берушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы халықты хабардар ету бойынша жұмыс жүргізіледі.

        3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында «Ковыльное ауылының жалпы білім беретін мектебі»  КММ бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz. жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылады.

Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап "Ковыльное селосының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 2 мемлекеттік қызмет қолжетімді.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға  бағытталған іс-шаралар.

Білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 2 қызметкер көрсетеді.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының  ішкі бақылау нәтижелері.

          Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.

          Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінде бұзушылықтар анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтердің бұзылуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

5. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

Көрсетілетін қызметті алушыларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен, оның ішінде электрондық форматта одан әрі қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылы Мемлекеттік корпорациялар арқылы мемлекеттік қызметтерді алу  қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету және бұқаралық ақпарат құралдарында  «электрондық үкімет»  порталы арқылы қызмет  көрсету мүмкіндіктері туралы халықпен түсіндіру жұмыстары жалғасатын болады.  2024 жылы жеке тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс жалғастырылады.

Директор:                     Конюшевская Т.Э.

Орындаушы: . Т.Ю. Ребик

 


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 29.02.2024 17:30
Құрылған күні: 29.02.2024 17:30

Текст