Текст
Қазақстанда 31 мамыр саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде аталып өтеді. Бұл есте қаларлық дата 20 ғасырдағы тарихи шежіренің ең қиын беттерінің бірі – жаппай саяси қуғын-сүргін мен жан түршігерлік ашаршылыққа арналған. Осы сұмдық оқиғаларда қаза тапқан және аман қалғандардың рухына тағзым ете отырып, мектепте «Қазақстанның қайғылы беттерін еске алу күні» ақпараттық-сараптамалық іс-шарасы өткізілді.