«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Ковыльный ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
 Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Ковыльное отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДЫҒЫ» АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҰСЫНЫМДАР

«БАЛАНЫҢ МЕКТЕПКЕ ДАЙЫНДЫҒЫ» АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ҰСЫНЫМДАР

Қазіргі уақытта баланы мектепке дайындығы туралы зерттеулер жүргізіліп, осы процестің маңыздылығы туралы түсінігіміз кеңейген.
Көптеген факторлар, соның ішінде баланың жеке ерекшеліктері, оның қоршаған ортасы, ата-аналармен және басқа балалармен қарым-қатынасы мектепке дайындық деңгейіне әсер етеді.
Баланың мектепке дайындығы педагогтердің, психологтердің және ата-аналардың назарын аударатын маңызды мәселе. Мектеп өмірінің басталуы баланың дамуындағы маңызды кезең, бұл оның одан әрі оқу үлгерімі мен әлеуметтік бейімделуіне ықпал етеді.
Мектепке дейінгі ұйым жағдайында «Баланың мектепке дайындығы» ата-аналарға арналған ұсынымдар әзірлеу өзектілігі баланың мектепке дайындығының көптеген аспектілеріне, соның ішінде физикалық, эмоционалдық, әлеуметтік және когнитивті дайындыққа байланысты. Моториканы дамыту, дербестік, әлеуметтік дағдылар, зейін қою және жанжалдарды шешу сияқты маңызды факторларды да қарастыру қажет.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында келесідей терминдер мен анықталар: «...... 4) баланы толыққанды дамыту - қимыл белсенділігіне жағдай жасау, пайдалы және құнарлы тамақтандыру, жағымды қарым-қатынас орнату және дамытушы ортаны ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етілетін баланың физикалық, психологиялық, әлеуметтік, эмоционалдық денсаулығы мен қауіпсіздігі; 5) оқу бағдарламасы – меңгерілуі тиіс білім, біліктердің, дағдылар мен құзіреттіліктердің мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама » қолданылады [1, 2].
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыру үшін [3] ҚР БҒМ 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларында « ... ұйымдастырылған іс-әрекет - күні бойы педагогтің ойын түріндегі түрлі балалар әрекеті (ойын, қимыл, танымдық, шығармашылық, зерттеу, еңбек, дербес) арқылы ұйымдастыратын кіріктірілген сабағы»-деп нұсқау берілген [2,4].
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде мектепке дейінгі білім беру саласына мемлекет пен қоғамның ерекше назар аудару қажеттілігі байқалады. Мектепке дейінгі білім беру сапасы арқылы Қазақстанның білім беру жүйесінің келесі деңгейлерінің сапасы айқындалады.
Ұсынымдар баланың мектепке дайындығын және жаңа оқу ортасына табысты бейімделуін қамтамасыз етуге, тәрбиешілерге, психологтер, ата-аналар және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.

Жаңартылған күні: 09.01.2025 07:29
Құрылған күні: 09.01.2025 07:30

Текст