Текст
2023 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында дәстүрлі республикалық «Мектепке жол» акциясы өтеді. Биылғы жылы акция «Жақсылық жаса» ұранымен өтеді.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу мақсатында материалдық қолдау көрсету.
Акция аясында демеушілер тарту жұмыстары жүргізілмек. Демеушілік көмек ретінде 1-ші қыркүйекте марапатталатын 1-сынып оқушылары үшін «Людмила» ЖК және «Шевцов» ЖК кеңсе тауарлары оқушыларға табысталады.