Текст
Мектепте кәмелетке толмаған қыздармен, ұлдармен ерте жүктіліктің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде. Оқушылар ерте жүктіліктің ықтимал себептері мен психологиялық салдарымен танысты. Презентацияда статистика бойынша жасөспірімдердің жүктіліктің алдын алу туралы ең көп таралған мифтері келтірілген. Әңгіме барысында психологиялық және әлеуметтік проблемалар, жүктіліктің үзілуіне байланысты ықтимал асқынулар талқыланды. Кәмелетке толмағандар жыныстық жолмен берілетін аурулар туралы ақпаратпен танысты.