«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Ковыльный ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
 Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Ковыльное отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Зеленко Наталия Сергеевна

Зеленко Наталия Сергеевна

«Ақмола облысының Есіл ауданы

білім беру бөлімінің Ковыльный орта мектебі»

КММ директоры, биология мұғалімі

Өмірдің белгілі бір сәтінде барлық адамдар мамандық таңдау алдында тұрады. Осы сәтте өзіңді, жүрегіңді тыңдау, тартымдылықты сезіну және болашақта бүкіл өміріңнің үлкен бөлігін құрайтын жұмысқа деген сенімнің маңызы зор. Биология пәнінің мұғалімі, Ковыльный орта мектебінің директоры Зеленко Наталья Сергеевна өмірінің көп бөлігін ұстаздыққа арнады. Мамандық таңдау туралы мәселе оның алдында болған жоқ, өйткені анасы Волковая Тамара Рудольфовна ұзақ жылдар бойы бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеді. Наталья Сергеевна 1976 жылы 17 қыркүйекте Сурган станциясында дүниеге келді,1993 жылы Сұрған орта мектебін бітірді. Ол өзінің еңбек жолын туған мектебінде тәлімгер болып бастады, содан кейін Ковыльный орта мектебінде аға тәлімгер, математика және биология мұғалімі болып жұмысын жалғастырды. 2004 жылы директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалды. 2011 жылдан бастап ол «Есіл ауданының білім беру бөлімінің Ковыльный орта мектебі» КММ директоры болып жұмыс істейді. Екі жоғары білімі бар: 1999 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық қаласынының. Педагогикалық институты « физика-математика» факультеті, «математика мұғалімі» мамандығы бойынша білім алып және 2003 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде оқып, «биолог, биология мұғалімі» мамандығын алды. Наталья Сергеевна бүкіл сыныпты қалай қызықтыратынын және оқу үдерісіне қалай тарту керектігін біледі. Мұғалімнің бір ғана көзқарасы оған деген құрмет сезімін оятып,  оқушыларды бұл жұмыстың қаншалықты қиын және жауапты екендігі туралы ойлауға мәжбүр етеді.  Әртүрлі мінезі бар оқушыларды оңай «басқару» үшін тәжірибе, талант және, әрине, балаларға деген сүйіспеншілік қажет. Наталья Сергеевна оқушылар ұжымын ұйымдастыра білуімен, оқушыларға деген түсінушілігімен, қызығушылығымен, жұмысқа деген шығармашылық қабілетімен, оқу материалын өмірмен байланыстыра білуімен, алғырлығымен, өз бетінше оқуға және өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысымен ерекшеленеді. Ол мектеп басшысы ретінде жұмыс істей отырып, ауданда жетекші орындарға жету үшін ұжымды ұйымдастыра білді, туған мектебінің материалдық-техникалық жабдықталуында аянбай еңбек етті және өзінің кәсіби деңгейін көтеруге ұмтылды. Ол пдагог -зерттеуші ретінде біліктілікке ие, курстарда өзінің кәсіби деңгейін пән мұғалімі ретінде, сонымен қатар мектеп директоры ретінде жоғарылатады. 2020 жылы «Оқушылардың шығармашылық әрекетін сыныпта дамыту» әдістемелік тақырыбы бойынша аудандық деңгейде педагогикалық тәжірибені қорытты. «БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІПОДАҒЫНА СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ  ҮШІН» медалімен марапатталған. Оның Республикалық олимпиадалардағы жүлделер үшін мадақтамалары, сонымен қатар оқушылардың, әр түрлі жарыстардың жеңімпаздарын дайындағаны үшін алған алғыс хаттары бар. Оқушылар өз нәтижелеріне мұғалімнің кәсіби қызметінің арқасында жететіндігін білу қандай жақсы. Қорытындылай келе, мұғалім - уақыт, сән және географиядан тыс ең ерекше мамандық деп айтуға болады және ол осы күнге дейін сұранысқа ие болып отыр.

 

Жаңартылған күні: 22.09.2020 16:05
Құрылған күні: 22.09.2020 16:35

Текст