"Балдәурен" сауықтыру алаңының 3 маусымы басталды.

1 тамызда "Балдәурен" сауықтыру алаңының 3  маусымы басталды. Іс-шаралар көңілді  музыкалық жаттығудан басталды.  "Сәлеметсіз бе мектеп!" сурет байқауы өтті, онда балалар осы сөз тіркесі  туралы түсініктерін салды. Содан кейін балалар  "Мимимишки" үстел ойынына қатысты. Балалар таза ауада серуендеп, ашық ауада ойындар ойнаумен аяқтады. Күн қызықты және көңілді өтті.