Сіздерге балалардың қылмыстық жауапкершілігі 14 жастан басталатыны туралы естеріңізге саламыз.

Құрметті ата-аналар!

 

Сіздерге балалардың қылмыстық жауапкершілігі 14 жастан басталатыны туралы естеріңізге саламыз.

Өткен демалыс күндері балалар 3 қылмыс жасаған.

- Көкшетау қаласында колледж оқушысы біреудің жоғалған банкттік картасымен дүкенде есептескен.

- Басқа жасөспірім орталық базарда спорттық костюм ұрлаған.

- Үшінші қылмыс – бір топ жеткіншектер мектеп оқушысының фотобейнесінің стикерін таратқан, яғни адамның жеке өмірі туралы мәліметті жариялаған.   

Көрсетілгендей әр фактісі бойынша жасөспірімдер полицияның профилактикалық есебіне қойылып, тұрғылықты мекенжайы бойынша қадағаланады.    

Құрметті ата-аналар, Сіздің балаңыздың мектеп кезіндегі ағат қылығы, жазаны тартуы мүмкін, және де оның қалған өміріне дақ келтіреді.   

 

Құрметпен: Ақмола облысының Полиция департаменті.