Балаңызға әрдайым " Жоқ!" деп айтуға үйретіңіз

Құрметті  жасүлкен!

 

Бұл жадынама Сізге арналған, өйткені баланың немесе жасөспірімнің  жанында Сіз  зорлық - зомбылық пен жыныстық қол сұғушылықтың алдын алуға көмектесе аласыз.

Зорлық - зомбылықтан сақтана аласыз, бірақ бұл үшін балаға " жоқ деген " бес ережені"  үйренуге көмектесіңіз:

-Көшеде бейтаныс адамдармен сөйлесуге және оларды үйге кіргізуге Болмайды!

- Олармен бірге кіреберіс пен лифтке бірге кіруге Болмайды.

-Бөтен кісінің мәшинасына отыруға Болмайды.

-Танымайтын кісіден сыйлықтар және олардың үйіне немесе басқа жерге баруға ұсыныстарын қабылдауға Болмайды.

-Әсіресе қараңғы түскенде, көшеде жалғыз қалуға Болмайды.

 

Балаңызға әрдайым " Жоқ!" деп айтуға үйретіңіз:

 

- Егер оған қонаққа үйге кіруін немесе үйге дейін апаруға ұсыныс берсе де, тіпті көршілес болса да.

-Егер оның артынан мектепке немесе балабақшаға бөтен адам келсе, ал ата- анасы оған бұл туралы алдын -ала ескертпеген болса.

-Егер ата-анасы болмаған кезде бейтаныс ( бөгде) адам келіп, оны пәтерге кіргізуді сұраса.

-Егер бейтаныс адам сізбен танысып бірге уақыт өткізуді сұраса.