«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Ковыльный ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
 Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Ковыльное отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ЕРЕЖЕ сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі туралы

ЕРЕЖЕ

сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі туралы

 

1.Жалпы ережелер

1.1 Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі (ӘБ) мектеп ішіндегі сынып жетекшілерінің басқару жүйесінің құрылымдық  бөлімшесі болып,  тәрбие

процесінің әдістемелік және ұйымдастырушылық жұмыстарын үйлестіреді.

1.2  Мектеп директорының бұйрығымен ӘБ басқаруға мұғалім  тағайындалады

1.3 ӘБ жұмыс жоспары   мектептің жалпы  міндеттерімен,  жылдық жоспарына сәйкес құрылады.

1.4 ӘБ өзінің қызметін  мектептің  әдістемелік  кеңесімен үйлестіреді.

1.5 ӘБ істелген жұмыстары туралы,  педагогикалық кеңесте есеп береді.

1.6  ӘБ жалпы жұмысын бақылауды, мектеп директоры  қамтамасыз етеді.

 

                                                   2. Негізгі міндеттері

 2.1 Сынып жетекшілерінің педагогикалық тәрбие жұмыстарының  теориялық, әдістемелік деңгейін арттыру мақсатында педагогикалық тәрбие жұмысы бойынша сынып  жетекшілерін  оқыту.

2.2 Сынып ұжымының тәрбиелік іс шараларын  ұйымдастыру, талдау,  жоспарларын үйлестіру.

2.3 Сынып жетекшілерінің озық тәжірибелерін зерделеу, қорыту және тәжірибеде қолдану.

 

                            3.Қызметінің мазмұны мен негізгі бағыттары

 

3.1 Сынып жетекшілеріне жоспарлауға басшылық жасау және көмек көрсету,  сынып ұжымын тәрбиелеу процесінің тиімділігін ұйымдастырып,  бағалау.

3.2  Мектеп  міндеттері мен жылдық жоспарына сәйкес  тәрбие жұмыстарының  міндеттерін, мазмұнын, құралдарын, нысандары мен әдістерін анықтау.

3.3 Сынып ұжымдарының тәрбие жұмысын үйлестіру:

- педагогикалық процесте  ұжымдардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру;

- тәрбие процесінде, тәрбие міндеттерін шешуді үйлестіру, пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру;

- Сынып ұжымдарында тәрбиелеу принциптері мен жұмыс бағытын істеп шығару.

 3.4 сынып жетекшілеріне әлеуметтік көмек көрсету,

мектеп түлектерін жаңа өмірге дайындау:

- құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын жүргізу, салауатты өмір салтын насихаттау;

-оқушыларды қоғамдық пайдалы еңбекке, мектеп тәртібінің ережелерін сақтауға тарту.

3.5 Сынып жетекшілеріне тәрбие  үрдісін ұйымдастыруға, қалпына келтіріп оқытуға   көмек көрсету:

отбасылық тәрбие жағдайын зерделеу;

ата-аналармен жеке жұмысты жүзеге асыру, ата-аналарды сыныптан тыс жұмысқа тарту;

жалпы мектептік ата-аналар жиналысын ұйымдастыру және өткізу.

3.6 Сынып жетекшілеріне қазіргі заманғы тәрбие технологиясы мен тәрбие жұмысының түрлері мен әдістерін зерттеп игеру.

 

                          4.Сынып жетекшілерінің ӘБ құқығы бар:

 

4.1 мектепті басқаруға қатысу

4.2 сынып жетекшісінің функционалдық міндеттерін құру;

      -мектеп оқушыларының өзін-өзі басқару жүйесінің  жұмыстарына қатысу

 

                          5.Сынып жетекшілерінің ӘБ құжаттары:

 

  - Өткен жылғы жұмыс қызметтін талдау;

  - Әдістемелік бірлестік құру туралы мектеп директорының бұйрығы;

  - Әдістемелік бірлестік туралы ереже;

  - Әдістемелік бірлестік басшысының лауазымдық нұсқаулығы

  - Мектептің әдістемелік және тәрбиелік  тақырыптары

  - ӘБ әдістемелік тақырыбы

  - ӘБ мүшелерінің тізімі;

  - жылдық жұмыс жоспары;

  - мәжіліс хаттамалары;

  - іс-шараларды өткізу қорытындысы бойынша талдау материалдары;

  - материалдар " Сынып жетекшісінің әдістемелік жинағы»

 

                             

 

            Директордың ТЖ орынбасары_______Абдрахманова Н.К.

Жаңартылған күні: 10.03.2021 09:30
Құрылған күні: 10.03.2021 09:30

Текст