Ата-аналар жиналысы.

 Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған іс-шаралар жоспары бойынша балалардың зиянды әдеттеріне  және компьютерлік тәуелділігіне қарсы күрес мәселелері бойынша ата-аналар жиналысы өткізілді. Ата-аналардың назарына компьютерлік тәуелділіктің түрлері, себептері көрсетілген презентация ұсынылды. Мұндай тәуелділіктің  қауіптілігі , оның салдары және компьютерге тәуелділіктің алдын-алу қадамдары анықталды.