Текст
28.09.2026
Сенім телефоны — көмек әрдайым жанында
Балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «111» психологиялық және шұғыл көмек көрсету қызметінің жұмыс істейтінін еске саламыз.
«111» қызметі — балалар мен отбасыларға көмек көрсететін бірыңғай байланыс орталығы. Мұнда келесі жағдайларда жүгінуге болады:
* қиын өмірлік жағдайға тап болғанда;
* буллинг пен зорлық-зомбылық жағдайларында;
* психологиялық күйзеліс пен алаңдаушылық кезінде;
* мамандардың қолдауы мен кеңесі қажет болғанда.
111 нөміріне қоңырау шалу тегін және анонимді.
Есте сақтаңыз: көмек сұрау — дұрыс әрі қауіпсіз шешім.
Өз мәселелеріңізбен жалғыз қалмаңыз — көмек әрдайым жанында!