«Ковыльный ОМ» КММ
Нұр Отан Партиясының XVIII съезі бойынша
ПІКІР
Ел Президенті тапсырмалары іске асырылып және барлық бағытта қолдау алып жатқаны өте қуантады. Еліміздің өңірілерінде жас отбасыларға жаңа пәтерлерінің кілті тапсырлып, жас мамандар жергілікті, өңірлік биліктің қолдауын көріп жатқаны өте үлкен қуаныш. Ауылды дамыту, аз қамтылғандарға қолдау көрсету, бюджеттік қызметкерлердің еңбекақысын көтеру, жәрдемақы алатын адам тізімінің кеңеюі, жаңа тұрғын үй бағдарламасы туралы Президентіміздің сөздері – Қазақстан халқын қуанышқа бөлейтіні анық. Осындай коплексті қолдау әлемнің дамыған елдерінде де кездеспейді, сондықтан бұл - біздің халқымызға деген маңызды қамқорлық. Қазақстандық өндірушілер осындай маңызды қолдау үшін алғыс білідіруде.
Халықаралық аренада президенттің бастамалары - әрқашанда халықаралық дәрежеде мойындалып келеді.
Біздің азаматтарды толғандыратын мәселені шешуде партияның маңызды үлесі негізгі үш бағыт бойынша әлеуметтік саясатты жүзеге асыру болмақ. Бұлар аз қамтылғандардың табысын көтерілуі және оларға қолдау көрсету, табысы төмен азаматтардың тұрғын үй мәселесін шешу, білім және денсаулық саласын жақсарту, өңірлердің комплексті дамуы.
Директордың ТЖ жөінідегі орынбасары Н.К. Абдрахманова