«Мектепке жол» акциясы
Жаппай оқыту, «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру және өткізу бойынша мектеп жұмысының аясында, «Ковыльный ОМ» КММ педагогикалық ұжымы мектеп жасындағы балаларды біліммен толық қамтуды қамтамасыз ету мәселесі, жоғары тұрған органдардың нормативтік-құқықтық құжатын орындау бойынша үнемі жұмыс жасайды. Ұйымдар, кәсіпорындар,мемлекеттік мекемелер, бұқаралық ақпарат құралдарында аз қамтылған оқушыларға, табысы төмен отбасылардың балаларына көмек көрсету үшін потенциалды қайырымдылық жасаушы және меценаттар табу мақсатында тұсіндіру жұмыстары жүргізілді. Акцияның барысы және нәтижелерін егжей-тегжейлі көрсете отыра, логотипті пайдаланып «Мектепке жол» ақпараттық стенді дайындалды. Жоспарға сәйкес, ықшам аудандар бойынша үй-үйді аралаудың мәліметтері негізінде 0-ден 18 жасқа дейінгі балалар және жасөспірімдер есепке алынды. Әлеуметтік қорғалмаған отбасылар, қамқорлықтағы балалар, мүмкіндігі шектеулі балалар туралы деректер банкі құрылды. «Профилактика және құқық бұзушылық кеңесі» жұмысы ұйымдастырылды.Мектептен тыс уақытта, демалыс кезінде балалардың мінез -құлқы, уақытын өткізулеріне, ҚТ, ЖЖЕ сақтау бойынша ата-ана тарапынан бақылауды күшейту туралы мәселе көтеріліп ата-аналар,сыныптардың ата-аналар комитетімен кездесулер өтті. Сынып жетекшілері, мектеп әкімшілігі оқушылардың негізсіз себептермен сабақтан қалуын алдын алу бойынша, білім және тәрбиелеуде жоғарғы педагогикалық назар аударуды қажет ететін балалармен жұмысты жүзеге асырады. Рейдтік іс-шараларды өткізу, қолайсыз отбасына бару, үй-үйді аралау, мектепте ыстық тамақтандыруды ұйымдастыру – мектеп әкімшілігінің, педагогикалық ұжым мүшелерінің атқаратын жұмыстарының ажырамас бөлігі болып табылады.
20 мың теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетілді.
Үй-үйді аралау барысында, «Мектепке жол» акциясы аясында мектепке бармайтын оқушылар анықталмады. Рейдттік іс -шараларға қатысқан мұғалімдер-6 адам, ата-аналар қоғамдастығы мүшелері- 1 адам, ішкі істер органдарының өкілдері – 1 адам.«Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасы аясында теміржол вокзалдарында, ойын-сауық орындарында рейдтік іс-шаралар кезінде білім алмаған немесе түнде үйден тыс жерде ересектердің қарауынсыз жүрген балаларды анықталмады, бұзушылықтар болған жоқ.
Сенім телефондарының нөмерлерін, мектеп сайтында және БАҚ акцияның барысы туралы ақпарат жарияланып «Мектепке жол», жаппай оқу бойынша айлықты өткізу аясында қорытынды, іс-шаралар нәтижесінің мониторингі жүргізілді.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.К. Абдрахманова