«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Ковыльный ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
 Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Ковыльное отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!»

31.05.2023

«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны

Ақмола облысының білім басқармасы ағымдағы жылы 1-12 маусым аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны «Бала еңбегін пайдалануға жол жоқ!» ұранымен өтетіндігін хабарлайды.

Науқанды өткізудің негізгі мақсаты -  қоғамның назарын, соның ішінде ересектерді, балаларды және олардың ата-аналарын балалар еңбегінің ең нашар түрлерін қолданудың алдын алу мәселелеріне аудару, сондай-ақ осы саладағы құқықтық ақпараттандыру болып табылады.

Ұлттық ақпараттық науқанды өткізу мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жұмыс берушілер мен БАҚ-тың бала еңбегін пайдалануды алдын алу және болдырмау мәселелерінде серіктестік пен ынтымақтастықты дамытуға себеп болады.

Бала еңбегінің нашар түрлеріне тартылған  жағдайда, балаларға қатысты зорлық-зомбылық және қатыгездік көрсетуді алдын алу үшін Ақмола облысы білім басқармасының – 8 (716 2) 903152 сенім телефонына, 87162-72-29-03 call-орталығына және «BALA QORGAU»Телеграмм-чатынахабарласуға болады.

 

Просмотров: 2342


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст