Текст
Әлемнің көптеген елдерінде отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы мен тәрбие институтын нығайту үшін атап өтілетін "Аналар күні" мен "Әкелер күні" ресми мерекелері біздің елімізде де бекітілген. Әкелер күні балалардың әкесіне арнаған сүйіспеншілігі мен ризашылығының көрінісі ретінде пайда болды. Әдеттегідей, бұл күні әкелеріне сыйлықтар беріп, отбасылық мерекелер мен осы күнге арналған түрлі іс-шаралар өткізілді.