31 мамырда Қазақстан саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін атап өтеді.
Бұл сталиндік террордың жазықсыз құрбандарын еске алу күні. Сол кездегі қатаң мемлекеттік саясат, аштық пен жаппай репрессия, жазықсыз адамдарды қудалау және мәжбүрлеп жер аудару тұрғындар арасында айтарлықтай шығындарға әкелді. Репрессия миллиондаған түрлі ұлт өкілдеріне әсер етті. Бүгін мектепте «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні және қазақ халқының өткені» атты дөңгелек үстел өтті.