Туристік слеті

20-23 маусым аралығында Красивое ауылының базасында мектеп командаларының жыл сайынғы аудандық туристік слеті ұйымдастырылды. Мектептегі туристік слет - салауатты өмір салты, оқушылардың  физикалық дамуын арттыру, жастардың бос уақытын ұйымдастыруды насихаттаудың ең тиімді түрлерінің бірі.

Біздің "Саяхат"  туристік отряд  құрамында 7 адам  слет жұмысына қатысты. Команданың келуі ұйымдастырылды, балалар лагерьде өз учаскелерін жабдықтады, слет бағдарламасы бойынша жарыстардың кезеңдерін орындады.