Текст
"Ковыльное ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ әкімшілігі мен мектеп оқушылары және ата-аналарының атынан 1977 ж. біздің мектептің түлегі, қазіргі Ресей, Казан қаласында тұратын Печенко Александр Эдуардовичке мектепке пластикалық терезелер орнату бойынша көрсеткен көмегі үшін шынайы алғысын білдіреді. Жомарттығыңыз бен көңіліңіздің кеңдігі үшін рахмет. Сіздің игі ісіңіз бен сіздің қызметіңіз арқасында мектебіміз оқушылары жарық, заманауи кабинеттерде оқиды. Бүгін балаларға бергеніңіз, ертең сізге молшылығымен оралсын.
Құрметпен "Ковыльное ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ